jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне маска тағып қойған

Ескерткіш
Фото: Ирина Казорина/Otyrar.kz

Қазақтың мемлекеттік қайраткері әрі саясаткер Тұрар Рысқұловтың Шымкенттегі Жібек жолы көшесінде орналасқан ескерткішіне маска тағып қойған деп хабарлайды Otyrar.kz.

Ескерткішке нақты кімнің маска тағып қойғаны белгісіз. Мұны істеуге қанша уақыт кеткені де беймәлім.

Өйткені тұғырын есептемегенде Тұрар Рысқұловтың ескерткішінің биіктігі 4,5 метр. Ол Шымкенттегі ең биік ескерткіштердің бірі саналады.

Басылымның жазуынша, ескерткішті коронавирустан қорғағысы келгендердің біраз тер төгуіне тура келген.

Ескерткіш
Фото: Ирина Казорина/Otyrar.kz

Айта кетсек, ескерткіш 2009 жылы қойылған. Жоба авторлары әрі орындаушылары - Насыр Рүстемов пен Дәурен Әлдеков. Алып ескерткіш кәсіпкерлердің есебінен орнатылып, оған 15 млн теңге жұмсалған.

Еске сала кетсек, 5 сәуір күні Шымкент қаласы полиция департаментінің алдына бірнеше журналист жиналып, құқық қорғаушылардан БАҚ қызметкерлерінің құқығын сақтауды талап еткен. Жиналғандарға полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов шыққан еді.

"Астана" телеарнасының Шымкенттегі меншікті тілшісінің сөзінше, тәртіп сақшылары түсірілімдердің бірінде жұмысына кедергі келтірген. Осылайша, БАҚ өкілдері журналистердің құқығын қорғауға назар аударуды талап еткен болатын.

Бұл талап Шымкенттің бас полицейі Ералы Жұмаханбетовтың назарынан тыс қалмады. Генерал БАҚ өкілдерінің алдына шығып, әрбір өтініштің қаралатынын айтты.

Шымкентте Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне маска тағып қойған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.