Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Спутник V" вакцинасы халал ма: Мүфтият пікір білдірді

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Ершат қажы Оңғар орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Спутник V" вакцинасы халал ма" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 "Спутник V" вакцинасы туралы Ресей Федерациясының Мұсылмандары Діни басқармасына сауалдар жолданған еді. Біз оң жауап алдық. Вакцина құрамында шариғатқа қарсы келетін заттар жоқ екендігі белгілі болды. Онда жануарлардан алынатын ешқандай компонент анықталмады. Компоненттер харам деуге негіз жоқ. Спутник V - халал вакцина", - деді Ершат қажы Оңғар.

Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары отандық QazVac вакцинасына да тоқталды.

"Бүгінгі таңда денсаулық сақтау министрлігі өкілдеріне қазақстандық QazVac вакцинасы мен "Спутник V" вакцинасының бірнеше экземплярын қарап, зерттеу мүмкіндігін беру туралы ресми сауал жолдадық. Вакциналар жеткізілгеннен кейін өз зертханаларымызда вакциналардың құрамын қараймыз. Сол себепті отандық вакцина туралы әзірше ештеңе айта алмаймыз", - деді наиб мүфти.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары "қызыл" аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптарды жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907028-sputnik-v-vakcinasy-xalal-ma-muftiyat-pikir-bildirdi/

pixel