Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да 22 жастағы бойжеткен табылмай жатыр

Опубликовано:

Бойжеткен
Фото: aikyn.kz

Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мен волонтерлер үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған бойжеткенді таба алмай жатыр деп хабарлайды aikyn.kz.

Волонтерлердің мәліметіне сәйкес, Петропавл тұрғыны Елизавета Алимовна Матюхина 22 жаста. Ол 3 сәуір күні сағат 12.00 шамасында тұрғылықты жері - Уәлиханов көшесі, 17 үйден шығып кеткен. Бойжеткен қайда кеткенін ешкімге айтпаған.

Елизаветаның бойы 165-167 сантиметр шамасында, арықша келген, қой көзді, сарғылт шашты. Алдыңғы екі тісі алға шығыңқырап тұрады.

Із-түзсіз кеткен күні үстінде капюшоны бар қара күртеше, қара-көк шалбар және аяғына галош киген.

Жоғалған бойжеткен жайында қандай да бір мәлімет болған жағдайда 8 777 608 88 49, 8 701 375 92 91, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.

Еске салсақ, бұған дейін наурыз айының соңында Тараз қаласында жоғалып кеткен жасөспірімдер Қырғызстаннан табылғанын жазған едік.

"14 күн бойы іздеуде болған жасөспірімдерді Қырғызстанның милиция қызметкерлері тапты. Олардың жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өздерін тез тауып алмас үшін барлығының алдын алған. Іздеу жұмыстарын қиындату үшін сыртқы келбетін өзгерткен яғни шаштарын қара түске бояп тастаған. Олар металл жинап өткізуден алған ақшаға өмір сүрген", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінен.

Сонымен қатар полиция жасөспірімдердің шекарадан қалай өткенін анықтамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907058-sqo-da-22-zastagy-boizetken-tabylmai-zatyr/

pixel