Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилер мен оқушылар коронавирус жұқтыруда

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыру жағдайы алаңдатып отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде облыста коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны азаймай отыр. Соның салдарынан өңір "сары" аймаққа енді . Сәуірдің алғашқы аптасында коронавирусты жұқтырудың 201 жағдай тіркеліп отыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш төмендемесе карантин талаптары күшейтілетін болады.

"Бізді 1 жасқа дейінгі сәбилер мен мектеп жасындағы балалардың ауру жұқтыруы алаңдатуда. Аудандарда да жағдай күрделеніп барады. Бұл - сақтық шарасына салғырттық танытудың салдары. Осылай жалғаса берсе карантин талаптарын күшейтуге мәжбүр боламыз", – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Мониторинг топтары карантин талабының сақталуын қадағалау мақсатында күн сайын тексеріс жүргізуде. Аталмыш жұмыс аясында мыңнан аса нысан мен үйлер араланып, карантин бұзғандарға әкімшілік шара қолданылып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар желіде жарияланған "The Spars Pandemic 2025-2028" деп аталатын құжатты бір-біріне жіберіп жатқанын жазған едік. Кейбірі бұл әлем үкіметі әзірлеген алдағы пандемияның нақты сценарийі деген болжамдарын жеткізген. Алайда Stopfake.kz порталы оны жоққа шығарып, ақпараттың шындыққа жанаспайтын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907062-qyzylorda-oblysynda-bir-zasqa-deiingi-sabiler-men-oqusylar-koronavirus-zuqtyruda/

pixel