Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Аяжан Еділованың сүйегі жер қойнына тапсырылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Аяжан Еділованың әлеуметтік желісіндегі парақшасы

Кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділованың сүйегі Алматы қаласында жер қойнына тапсырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінде Аяжан Еділова жерленді. Көңілді, белсенді, табанды, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні қылмыскердің құрбаны болған. Туыстары Аяжанның денесін мырыш табытқа салынған күйде алды. Орны толмас қаза, иманды болсын", - деді ол.

Еске сала кетсек, Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова 19 наурызда жоғалып кетті. Оны соңғы рет жұмыста көрген. Қызды іздеу бірнеше күнге созылды. Оның көз жұмғаны 22 наурызда белгілі болды.

Кейінірек қалалық полиция бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған.

Сондай-ақ құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын хабарлады.

Одан бөлек, полиция ұстау кезінде күдіктінің өз-өзін өлтірмек болғанын айтты. Дәрігерлер оны құтқарып қалды.

Егер ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан 20 жылға дейін сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908276-almatyda-ayazan-edilovanyn-suiegi-zer-qoinyna-tapsyryldy/

pixel