Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма: Бас мүфти жауап берді

Опубликовано:

Наурызбай қажы Тағанұлы
Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Бас мүфти Нұр-Сұлтан қаласының №1 ауруханасында өткен қайырымдылық шарасында мешіт жұмысы өңірлердің "қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда болуына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Оның сөзінше, "қызыл" аймақтардағы өңірлерде жамағатпен намаз оқу тоқтатылған.

"Қазіргі уақытта пандемияға байланысты мемлекетімізде "қызыл", "сары", "жасыл" аймақтар бар. Алла қаласа, өңіріміз Қадір түніне дейін "жасыл" аймаққа өтсе, әрине жамағатпен намаз оқуға мүмкіндік аламыз. Ал "сары" аймақтағы мешіттерде – бес уақыт жамағатпен намазға рұқсат берілген, тарауық намаздары қысқа оқылып жатыр, жұма намаздары оқылып жатқан жоқ. Ал "жасыл" аймақтарда – толық жұма намазы, тарауық намаздары оқылып жатыр", - дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, 2021 жылдың 16 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары аймақта" Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары орналасқан.

Ал қалған екі облыс-Қостанай мен Түркістан "жасыл" аймақта.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908317-qadir-tuni-mesitterge-zinaluga-bola-ma/

pixel