Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

24 сағаттық шектеу: Түркия қатаң локдаун енгізді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Түркия билігі COVID-19 жұқтырған адамдар санының артуына байланысты жұмадан жексенбіге дейін локдаун енгізу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Түркия ішкі істер министрлігінің сайты.

Циркулярға сәйкес, коменданттық сағат 22 сәуір, бейсенбі кешкі сағат жетіде басталады.

"23 сәуір Ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні болғандықтан және ресми мереке болғандықтан, арнайы коменданттық сағат 22 сәуір, бейсенбі кешкі сағат 19:00-де басталады. Жұма, сенбі және жексенбідегі коменданттық сағат 26 сәуір, дүйсенбі 05:00-те аяқталады", - делінген хабарламада.

Халықаралық саяхат 23 сәуір жұмадан бастап шектеледі. Тұрғындарға демалыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін тек жұмыс істейтін азық-түлік дүкендеріне баруға рұқсат етілмек.

Сондай-ақ, иттерді серуендетуге, дәріханалар мен ауруханаларға баруға тыйым салынбайды.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Түркияда пандемия басталғалы бері COVID-19 инфекциясының 4 446 591 жағдайы тіркелген. Оның 36 975-сі қайғылы жағдаймен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады.

Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылған. Қысқартылған рейстердің кестесі: 20 сәуірдегі жағдай бойынша, екі ел арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады.

Нұр-Сұлтан – Стамбул, 2 рейс;

Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс;

Алматы – Стамбул, 7 рейс;

Алматы – Анталя, 5 рейс;

Түркістан – Стамбул, 2 рейс

Ақтау – Стамбул, 1 рейс;

Шымкент – Стамбул, 2 рейс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909244-24-sagattyq-sekteu-turkiya-qatan-lokdaun-engizdi/

pixel