Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, жаңбыр, желдің күшеюі: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын назарға ұсынды.

Еліміздің батысы антициклонның ықпалында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік жартысынан атмосфералық фронтальды бөліктредің өтуімен, тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман сақталады, желдің күшеюі, солтүстік-батыста қатты дауыл күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі, Батыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай соғады.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының Алакөл аумағында жел 15-20 м/с дейін соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, қатты дауыл, тұман болып, желдің 15-20 м/с дейін күшейюі күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел күші 15-20 м/с жетіп, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістанда жел "әлемде теңдесі жоқ театрдың" қасбетін жұлып әкеткенін жазған едік. Театр "Керуен-Сарай" туристік кешенінде орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909611-naizagai-zanbyr-zeldin-kuseyui-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel