Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 3 жасар баласын ұйқыға жатқызған әйел ұлынан айырыла жаздады

Опубликовано:

Бала
Фото: Түркістан облысы Полиция департаменті

Түркістан облысында үш жасар бала түн ортасында ата-анасы ұйықтап жатқан кезде үйден шығып кеткен. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шамамен 04:30-да шақырту орнына шыққан Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері саябақтардың бірінде 3-4 жас шамасындағы баланың жалғыз жүргенін байқаған.

Тәртіп сақшылары бірден балаға барып, оның қайда тұратынын, неге жалғыз өзі жүргенін сұрамақ болған. Алайда тілі толық шықпаған бала нақты жауап бере алмапты.

Осыдан кейін бүлдіршінді бөлімшеге апарып, ас-суын берген. Құқық қорғаушылар 6 сағат бойы аулаларды тексеріп, тұрғындарға балақайдың фотосын көрсеткен.

Сағат таңғы 11 шамасында ювеналды полиция инспекторы жолда бала іздеп жүрген әйелді кездестіріп қалған. Ол бүлдіршіннің әпкесі болып шығыпты.

Тексеру кезінде анықталғандай, ересектер ұйықтап жатқанда оянып алған бала үйінен шығып кеткен. Таңертең оянған анасы ұлын таба алмапты.

Үш жасар баланың туыстары көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғыс айтқан.

Еске сала кетсек, шымкенттік полицейлер 2 мамыр күні үйінен ойнауға шығып, жоғалып кеткен үш жасар қыз баланы тауып, ата-анасына табыстағанын жазған едік.

3 жасар бүлдіршінді іздеуге 500-ден астам полиция қызметкері қатысқан. Олар аулаларды тескеріп, тұрғындардан сұрастырған. Іздеу жұмыстарына сондай-ақ, кинология қызметінің иттері де жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910943-turkistan-oblysynda-3-zasar-balasyn-uiqyga-zatqyzgan-aiel-ulynan-aiyryla-zazdady/

pixel