RU

9 мамырда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүрмейді

Автобус
Көрнекі фото: NUR.KZ

9 мамыр күні елордада қоғамдық көліктер жолға шықпайды. Бұл туралы City Transportation Systems Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

CTS-тің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының ішінде және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Қалған мереке күндері, яғни 7, 8 және 10 мамырда қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді.

Қоғамдық көлікке кіргенде жолаушылар бетперде тағуға тиіс, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер жетінші және сегізінші мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді. Еліміздің бірқатар өңірінде алдағы күндері күн жылы болмақ.

Мәселен Нұр-Сұлтан қаласында жетінші мамыр күні күндіз +18+20 °C, түнде +3+5 жылы болмақ. Ал сегізінші мамырда күндіз 21-23°C жылы болғанымен, жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Ақмола облысында жетінші мамыр күні күндіз +15 +20, облыстың оңтүстігінде +23 °C, түнде +1 +6 жылы болады. Кей жерлерде үсік жүруі мүмкін, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Ссегізінші мамырда күндіз +15 +20, облыстың оңтүстігінде 23°C дейін жылы болғанымен, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.

Алматыда мамырдың жетісінде күн бұлтты болып, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Мамырдың сегізі де күн бұлтты болып, жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911320-9-mamyrda-nur-sultanda-qogamdyq-kolik-zurmeidi/