Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қадір түні қарсаңында ШҚО бас имамы өңір тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Ермек Мұқатай11
Фото: altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысында мешіттерде Қадір түні өткізілмейді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша бас имамы Ермек Мұқатай баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ермек Мұқатай індеттің алдын алу мақсатында биыл Қадір түнін отбасымен бірге үйде өткізуге кеңес берді.

"Бүкіл әлем ауыр сынақты бастан кешіп жатыр. Коронавирус еліміздегі кейбір діни шаралардың өтуіне айтарлықтай кері әсерін тигізді. Десек те, қауіпті дертті бірге жеңуіміз керек. Ол үшін шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Пандемияға байланысты биыл Қадір түнін мешітте өткізбейтін болдық. Сондықтан уағызды онлайн айтамыз", - дейді ШҚО бас имамы.

Оның сөзінше, 7 мамырдан бастап өңір мешіттерінде карантин талаптарын сақтай отырып жұма намазын оқуға рұқсат.

"Ертеңнен бастап мешіттерде жұма намазын оқуға болады. Вирус өршуінің алдын алу мақсатында жұма намазы мешіт ауласында оқылады. Мешітке келушілерде міндетті түрде маска мен қолғап болуы керек. Сонымен қатар дәретті үйден алып шығып, мүмкін болса өздеріңізбен бірге жайнамаз ала келуді сұраймыз", - дейді Ермек Мұқатай.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы "Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?" деген сұраққа жауап берген еді. Оның сөзінше, мешіт жұмысы өңірлердің "қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда болуына тікелей байланысты.

Еске сала кетсек, биыл Қадір түні - 8 мамырдан 9 мамырға қараған түнге сәйкес келіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911473-qadir-tuni-qarsanynda-sqo-bas-imamy-zurtsylyqqa-undeu-zasady/

pixel