Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда орман өрті 14 үйді шарпыды (фото)

Опубликовано:

Өрт
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының маңында орман өртеніп, қызыл жалын тұрғын үйлерге жетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне жайылғанын хабарлады.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады. Өрт ошағында, орманда орман шаруашылығы жеке құрамының 100-ден астам адамы мен ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері және 20-дан астам техника жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ТЖД.

Қазір жанып жатқан орман алаңы 310 гектарға жетті. Өртті сөндіруге көмекке МИ-8 және МИ-2 авиа орман күзетінің 2 тікұшағы келді, 12 500 текше метр су төкті деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ғаламторда оқиға орнынан куәгерлер түсірген видео мен фотолар жарияланып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911752-orman-orti-14-uige-sarpydy-sygys-qazaqstanda-ne-bolyp-zatyr-video/

pixel