Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі

Опубликовано:

Риддердегі өрт
Фото: ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли осылай мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Иә, бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды», -деп жауап берді Талғат Уәли журналистердің сауалына.

Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлады.

«Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», - деді министрліктің ресми өкілі.

Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі тұрғын үйлерді қамтыған ірі орман өртіне назар аударып, жауапты орындарға зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету туралы тапсырма берді.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр", - деді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911865-sygys-qazaqstan-oblysynda-totense-zagdai-rezimi-engiziledi/

pixel