Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы алапат өртке қатысты күдікті ұсталды

Опубликовано:

Фото
Фото: Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысындағы өрт бойынша күдікті ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өңірдің полиция департаменті басшысының орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов Риддердегі өрт бойынша өткен брифингте брифингте айтты.

"Полиция департаменті хабарлағандай, 10 мамырда Риддердегі өрт фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Ол бойынша 2 мың айлық есептік көрсеткіш немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Аталған қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды. Ол - бұрын-соңды сотталмаған Риддер қаласының 35 жастағы жұмысшы тұрғыны. Отты абайсызда қолдану осындай салдарға алып келді", - деді ол.

Закимовтың сөзінше, қазіргі уақытта полиция департаменті арнайы жедел-тергеу тобын құрған.

Қызметкерлер тіркеу бейнелері бойынша оқиғаны зерттеп жатыр, дейді ол.

Оқиғаның куәгерлері сұралып жатыр. Арнайы сараптамаларның бекітілгені белгілі болды.

Жедел-тергеу тобында 15 тергеуші жұмыс істеп жатыр.

"Аталған іс Ішкі істер министрлігінің қатаң бақылауында. Іс бойынша қалған ақпарат жариялауға келмейді", - деді Елдос Закимов.

Айта кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының маңында орман өртеніп, қызыл жалын тұрғын үйлерге жеткенін жазған едік.

Кейінірек ШҚО-да полиция қызметкерлері өрт аумағынан бір әйелдің мәйітін тапты. Одан бөлек, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911867-sqo-dagy-alapat-ortke-qatysty-kudikti-ustaldy/

pixel