jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Мүфтият Ораза айт намазына байланысты үндеу жасады

намаз147
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында биыл Ораза айт намазы мешіт аулаларында оқылатынын хабарлады.

"Қадірлі жамағат! Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатынын (жергілікті бас санитар дәрігерлердің қаулысымен рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз", - делінген хабарламада.

Осы ретте ҚМДБ мешітке келетін мұсылман жамағатын санитарлық талаптарды сақтауға шақырды:

  • бетперде киіп келу;
  • үйден дәрет алып келу;
  • намаздан соң қол беріп амандаспау;
  • намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
  • жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.

"Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет. Барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға үндейміз", - деді діни басқармадағылар.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы 12 мамырда аяқталады. Қазақстан өңірлерінде Ораза айт намазы 13 мамыр таңғы сағат жетіде оқылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы мешіттерінің ауласында жұма намаз оқуға рұқсат етілгенін жазған едік.

Мүфтият Ораза айт намазына байланысты үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.