Балқашта әйел 5 жасар баласымен бірге жоғалып кетті
Жарияланған күні:
Полиция Балқаш қаласында жоғалып кеткен 27 жастағы келіншек пен оның бес жасар ұлын іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті полиция бөліміне 27 жастағы Венера Исенбаева мен 5 жасар ұлының жоғалғаны туралы 13 мамыр күні хабарланған. Құқық қорғау органдарына Балқаш тұрғынының әпкесі жүгінген.
Әпкесінің айтуынша, әйел 5 жасар баласын балабақшадан алып кету үшін 6 мамырда үйден шығып кеткен, бірақ қайта оралмаған. Онымен бірге бала да із-түссіз жоғалып кетті.
"Жоғалған әйел медициналық мекемеге тіркелген және бұрын үйден кетіп қалған жағдайлар болған. Өзінде ұялы телефоны жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінен бес іздеу тобы құрылып, жоғалып кеткен әйел мен оның бес жасар ұлын іздеп жатыр", – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Таразда жоғалған жасөспірім қызды Жамбыл гарнизонының бүкіл жеке құрамы іздеп жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Жасөспірім қыздың жоғалғаны туралы полицияға анасы хабар берген. Қызы отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кетіп, сол беті қайтып оралмаған.
Бұған дейін Петропавлда жұмысынан шыққан ер адам із-түзсіз жоғалып кеткені туралы да жазған едік.
Бойы 175-176 см шамасында, арықша келген, қой көзді, оң қолында екі саусағының жоғары буыны жоқ және ішінде отаның тыртығы бар. Сол күні басында қара бейсболка, қара күртеше, көк джинсы шалбар, аяғында сандал болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912584-balqasta-aiel-5-zasar-balasymen-birge-zogalyp-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.