COVID-19: Еліміздің тағы бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті
Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті. Бұл туралы коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында жария етті.
15 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідегідей:
"Қызыл" аймақта:
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.⠀
"Сары" аймақта:
Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта:
Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте 2505 адамның коронавирусты жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болған еді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 355645.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың 21-ші күні Sputnik V вакцинасының екінші компонентін салдыра алмағандарына шағымданып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салудан бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министр вакцинаның екінші компонентін 21-ші күні алғысы келетіндер мұны еш қиындықсыз жасай алатынын алға тартты.
Одан бөлек, Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова коронавирус салдарынан адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы бір жарым-екі жылға қысқарып жатқанын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912655-covid-19-elimizdin-tagy-bir-oniri-zasyl-aimaqqa-otti/