Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Алматы және Ақтөбе облыстары "қызыл" аймаққа кірді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігінің 16 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы және Ақтөбе облыстары "қызыл" аймаққа енді.

Атап айтқанда:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары тұр;
  • "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр;
  • "Жасыл" аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2459 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 358 104-ке жетіп отыр.

Оған қоса, Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин режимін ұзарту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулының толық мәтінін Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жария етті.

Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 16 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша ұзартылатын болды.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 16 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 836 821 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912725-koronavirus-almaty-zane-aqtobe-oblystary-qyzyl-aimaqqa-kirdi/

pixel