Аптап ыстық, өткінші жаңбыр: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды
Жарияланған күні:
Дүйсенбі, 17 мамырға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.
17 мамыр күні еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде, оңтүстік және оңтүстік-батыста жел күшейіп, шаңды дауыл болады.
Түркістан облысында, Маңғыстау облысында таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Түркістан облысында жел екпіні 25 м/с жетеді. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысында, күндіз Атырау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады.
Күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер үш күнге ауа райы болжамын ұсынған еді.
Одан бөлек, синоптиктер мамыр айына арналған ауа райын болжамын ұсынған болатын.
"Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде күн жылынып, солтүстік аймақтарда нағыз жазғы ыстық күн райы келеді, күндіз күн +25+33 градусқа дейін, ал оңтүстікте - +30+38 градусқа дейін ысиды", - дейді синоптиктер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912759-aptap-ystyq-otkinsi-zanbyr-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/