Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкінемін": Емендерді кескені үшін айыпталған Нұртаева алматылықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Алматыдағы кесілген ағаштардың орны
Фото: facebook.com/alexey.kurapov

Төле би көшесіндегі сауда үйінің жанындағы емендерді кесіп тастады деп айыпталған Жанна Нұртаева сот отырысында тараптардың пікірсайысында сөз сөйлеп, соңғы сөзін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Пікірсайыс барысында айыпталушы Алматы тұрғындарына үндеу жасады.

"Мен өз әрекетім үшін Алматы тұрғындарынан кешірім сұраймын. Өкінемін, ендігі уақытта не істегенімді түсіндім. Мен әлі жаспын, сондықтан мен Алматы үшін көп нәрсе жасауға, яғни ағаш отырғызуға, көгалдандыруға қатысуға, балабақшаларға, мектептерге көмектесуге тырысамын. Осы әрекетім үшін көбірек жұмыс істейтін боламын. Тағы да кешірім сұраймын", – деді әйел.

Айыпталушы соттағы соңғы сөзін де айтты.

"Құрметті судья, мен өзімді ақтамаймын, мен не істегенімді түсінемін. Сізден менің жазамды жеңілдетуіңізді сұраймын. Менің кішкентай балаларым бар және оларды менен басқа тәрбиелейтін ешкім жоқ. Мен өз отбасыма өте қажетпін. Басқа айтарым жоқ. Жылағым келіп тұр", – деп сөзін аяқтады айыпталушы.

Нұртаеваның ісіне қатысты үкім 24 мамырда сағат 11.00-де шығарылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін алматылықтар қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданған еді.

Ағаштар Жароков пен Әуезов көшелерінің арасындағы Төле би көшесінің маңында кесілген. Желі қолданушылары ағаштың босап қалған орнын көрсетті. Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді. Анықталғандай, басқармасы ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын.

Ел президенті Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913811-okinemin-emenderdi-keskeni-usin-aiyptalgan-nurtaeva-almatylyqtarga-undeu-zasady/

pixel