jitsu gif branding logo appbranding logo app

Асхат Аймағамбетов: Онлайн формат бәрін шаршатты

Асхат Аймағамбетов
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Педагогикалық кеңесте сөз сөйлеген Білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту тағы бір жылға созылса, көпшілік мұны көтере алмай қалуы мүмкін екенін айтып, онлайн формат бәрін шаршатқанын мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Аймағамбетовтің айтуынша, онлайн форматтан бәрі шаршап отыр.

"Бізге коронавирусқа қарсы вакцинаны алып, түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, жазғы мектепті жоғары деңгейде өткізіп, еңбек демалысы кезінде жақсылап демалып алу керек. Мұның бәрі келесі оқу жылын бастауға негіз болады деп есептеймін. Мен алдағы білім беру жылында дәстүрлі форматқа ораламыз деген ойдамын. Өйткені бәрі шаршады. Келесі оқу жылы қашықтан оқу форматында болса, оқу процесінің тиімділігіне өте қатты әсер етеді", - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе салдыру ерікті екенін атап өткен шенеунік әріптестерінің дұрыс шешім қабылдайтынына сенім білдірді.

Министр вакцинаны ойлап тапқандардың ішінде отандық ғалымдардың үлесі бар екенін алға тартты. Бас мұғалім ел ішінде ұжымдық иммунитет қалыптасса, қашықтан оқытудан құтылып, барлық баланың 1-қыркүйекте мектепке оралуына мүмкіндік туатынын айтуда.

Дереккөз: КТК

Еске салсақ, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерге магистратураны тек күндізгі бөлімде оқуға кеңес бергенін жазған едік.

Республикалық педагогикалық кеңес барысында министр магистратура бітірген мұғалімдерге ай сайын 29 мың теңге қосылатындықтан, білімін жетілдіруге ниет танытушылардың саны артқанын баса айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.