Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігінің полковнигі ұсталды

Опубликовано:

Қорғаныс
Фото: Қорғаныс минитрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің басшысы, полковник Асылбек Сатвалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты қорғаныс министрлігі NUR.KZ тілшісіне растады.

"2021 жылдың 28 мамырында құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдиновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты қалған ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясының мүшесі Қайрат Әбішев медициналық тексеруден бас тартқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, сегіз жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915058-qorganys-ministrliginin-polkovnigi-ustaldy/

pixel