Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ауылдың бұрынғы әкімі сотталды

Опубликовано:

жемқорлық11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жамбыл облысында ауылдың бұрынғы әкімі 10 миллион теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін сотталды деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің бапсасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қаржы жымқыру дерегін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті анықтаған.

"Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімі "Сәулет 2012" ЖШС мердігер ұйымының басшысымен келісе отырып, Сарыкемер ауылының көшелерін жарықтандыруды жөндеуге арналған 10 миллионнан астам теңгені жымқырған", - дейді Қаржылық мониторинг агенттігінен.

Ведомствоның дерегінше, тараптар объектіні қабылдау-тапсыруға қатысты жалған актілерге қол қойған, бірақ іс жүзінде жұмыс орындалмаған.

Бүгінде кінәлі тұлғалар сотталған. Алайда оларға қандай жазаға тағайындалғанын Қаржылық мониторинг агенттігі нақтыламады.

Айта кетсек, бұған дейін Ақмола облысында бұрынғы пошта қызметкерінің бір миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған еді.

Құзырлы органның мәліметінше, Шортанды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне 25 мамыр күні 59 жастағы әйел жүгінген.

Оның айтуынша, 2018 жылдың желтоқсанынан бүгінге дейін белгісіз біреулер оның "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы есепшотынан 993 мың 500 теңгені шешіп алған.

Тұрғынның шағымынан кейін жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 32 жастағы Шортанды кентінің тұрғынын ұстаған. Анықтай келе, ол осыған дейін осы поштада қызмет атқарғаны белгілі болған. Күдікті өзінің жасаған ісін толықтай мойнына алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915068-zambyl-oblysynda-10-mln-tengeden-astam-qarzy-zymqyrdy-dep-aiyptalgan-akim-sottaldy/

pixel