jitsu gif

ЮНИСЕФ Қазақстанға жаңа оқу жылында бүкіл мектепті қайтадан ашуға кеңес берді

Оқушы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үкіметтің онлайн-отырысында ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен Қазақстанға жаңа оқу жылында бүкіл мектепті қайтадан ашуға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"ЮНИСЕФ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жаңа оқу жылында бүкіл мектепті ашуға кеңес береді. Мектептер ең соңғы болып жабылып, ең бірінші болып ашылуы тиіс", - дейді Артур ван Дизен.

Оның сөзінше, пандемия кезінде мектептердің жабылуы салдарынан әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмаған. Оның қатарында қазақстандық оқушылар да бар.

Қазақстандық мектеп оқушылары үшін ЮНИСЕФ білімді қалпына келтіру бағдарламасын құруды ұсынады.

"Білім министрлігі бұл салдарды жою үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін мойындайды. ЮНИСЕФ оқудағы олқылықтарды анықтау үшін мониторинг жүргізуге кеңес береді.
Жеке дара негізде оқушылардың білімін қалпына келтіру бойынша бағдарламаларды құрастырып, тестілеуден өткізу керек. ЮНИСЕФ мұндай бағдарламаларды әзірлеу бойынша көмек көрсетуге дайын", - дейді спикер.

Еске сала кетсек, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту тағы бір жылға созылса, көпшілік мұны көтере алмай қалуы мүмкін екенін айтқан еді.

"Мен алдағы білім беру жылында дәстүрлі форматқа ораламыз деген ойдамын. Өйткені бәрі шаршады. Келесі оқу жылы қашықтан оқу форматында болса, оқу процесінің тиімділігіне өте қатты әсер етеді", - деген еді Асхат Аймағамбетов.

ЮНИСЕФ Қазақстанға жаңа оқу жылында бүкіл мектепті қайтадан ашуға кеңес берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.