RU

"Экстрасенстер олардың үңгірде екенін айтты": Түркістан облысындағы тауда жоғалғандарды іздеу жалғасуда

іздеу
Фото: facebook.com / Шамиль Рафиков

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстарына алғашқы күннен бастап қатысқан құтқарушы Шамиль Рафиковтің сөзінше, экстрасенстер екі жігіттің туыстарына олардың қайда болуы мүмкін айтқан.

Альпинизм және тау-шаңғы спорты бойынша нұсқаушы, таудағы құтқарушы Шамиль Рафиков бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Іздеу жұмыстары жалғасуда. Енді курстастарының өтінішімен жоғалып кеткендерді Өгемнің жоғарғы жағынан іздеуге ұшып шықтық. Экстрасенстер табылмаған екі турист үш жігіт табылған жерден жоғары орналасқан үңгірде екенін, олардың тірі екенін айтты. Аумақта жаяу жүріп, іздеу аймағындағы үңгірлерді қарап шықтық. Әзірге нәтиже жоқ", - дейді Шамиль Рафиков.

Айта кетейік, Төле би ауданы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябағы аумағында жеті адамның жоғалғаны жайлы ақпарат 102 пультіне 2021 жылдың 25 мамырында 18 сағат 30 минутта түскен.

Белгілі болғандай олар 21 мамырда жаяу "Сары-айғыр" шатқалына бет алған және 24 мамырда қайту қажет болған. Алайда қайтар жолда адасып кеткен.

28 мамыр күні жоғалған жігіттердің үшеуі аман-есен табылды. Кейін ТЖМ туристтерді эвакуациялау сәтінен видео да жариялаған еді.

29 мамырда тағы екі туристің денесі табылды.

Қалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда. Оларды іздеуге Өзбекстан құтқарушылары да жұмылдырылған.

Құтқару жасақтары мемлекеттік парктің 40 000 гектар жерін жаяу жүріп тінтіп, тексеріп шықса, тікұшақ бүкіл Сайрам-Өгем паркін яғни 149 000 гектар аумақты тексеріп шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916602-estrasenster-olardyn-ungirde-ekenin-aitty-turkistan-oblysyndagy-tauda-zogalgandardy-izdeu-zalgasuda/