Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованың өлімі: Істі арнайы прокурорлар қарап жатыр

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Аяжан Еділованың әлеуметтік желісіндегі парақшасы

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ өткен онлайн-брифингте Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеу қай сатыда тұр деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг кезінде журналистер бұған дейін полицейлердің Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктіні тексеруге уәде бергенін еске салды. Тергеу оның желікпелік ауытқушылығы бар-жоғын анықтауы тиіс болған.

Алайда Ерлан Тұрғымбаев істің егжей-тегжейін айта алмайтынын хабарлады.

"Іс Алматы қаласының арнайы прокурорларының өндірісінде, сол себепті мен мән-жайды білмеймін, пікір білдіре алмаймын. Біз күдіктінің ұсталғанын және осы қылмысты жасағаны әшкере болғаны жайлы алғашқы ақпаратты бердік", - дейді министр.

Тұрғымбаев кез келген осыған ұқсас қылмыс жасалған кезде, тергеу айыпталушының психикалық жағдайына күмәнданса, онда сот-психиатриялық сараптамасы жүргізілетінін атап өтті.

Еске сала кетсек, 19 жастағы Аяжан Еділова 19 наурызда Алматыда жоғалып кеткен еді. Оны іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылды.

Кейінірек қалалық полиция департаменті бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Сондай-ақ, құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын мәлім етті.

Одан бөлек, полиция тұтқындау кезінде күдіктінің өз-өзін өлтірмек болғанын айтты. Дәрігерлер оны құтқарып қалған.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан 20 жылға дейін сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917266-ayazan-edilovanyn-olimi-isti-almatydagy-mamandandyrylgan-prokuror-qarap-zatyr/