jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Вакцинадан қашқан": Сарыағашта жарық бағанына шығып алған маймыл елді күлкіге қарық қылды (видео)

Маймыл
Видеодан кадр: Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желіде жарық бағанына шығып алған маймылдың видеосы пайда болды. Бұл видео Сарыағашта түсірілген болып шықты. Желідегілер "вакцинациядан қашып кеткен маймылдардың бірі" деп қалжыңдауда. Осы ретте видеоға қатысты Түркістан облысы полиция департаменті пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сарыағаштағы жарық бағанына шығып алған маймылдың видеосы Қазнет қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Желідегілер жануар жайлы түрлі болжамдарын жазған.

"Бұл қазақстандық вакцинаны сынау үшін Отарға барар жолда қашып кеткендердің бірі", "Бәрі дұрыс, бұл менің құрбым", "Үйге қайтшы", "Жаңа "Сергек", - деп әзілдеді желідегілер.

Осы ретте бейнежазбаға қатысты Түркістан облысы полиция департаменті пікір білдірді. Полицияның мәліметінше, олар видеоны әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде көрген.

Содан кейін тәртіп сақшылары тексеріс жүргізіп, бұл жайттың Сарыағаштағы көшелердің бірінде болғанын анықтаған.

Белгілі болғандай, жануардың иесі оны алып келе жатқан кезде маймыл тордан шығып, қашып кеткен. Жануарды төменге түсіру үшін ер адам пневматикалық тапаншадан ауаға бірнеше мәрте оқ атқан.

Қарудың пайдасы тиіп, маймыл жерге түскен. Осы мезетте оны иесі ұстап алып, қайта торға қамаған.

Қазіргі уақытта полицейлер жануар иесінің іс-әрекетін зерделеуде. Сондай-ақ, тиісті құжаттарының бар-жоғын тексеріп, оны жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық QazVac вакцинасының сынағынан қашып кеткен маймылдар туралы ақпарат пайда болған еді. Сол кезде жанурларды Жамбыл облысы Отар ауылына қарай апара жатқаны айтылған болатын.

Бастапқыда бұл ақпаратты ғылыми-зерттеу институты теріске шығарғанымен, кейінірек расымен де төрт маймылдың жоғалып кеткенін хабарлады.

"Вакцинадан қашқан": Сарыағашта жарық бағанына шығып алған маймыл елді күлкіге қарық қылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.