Павлодарда салынып жатқан көпқабатты ғимарат опырылып түсті: Зардап шеккендер бар (фото)
Опубликовано:

Павлодарда кешкі сағат 8 шамасында салынып жатқан ғимараттың құлады. Төтенше жағдай салдарынан үш адам зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 17 маусым күні сағат 19:41-де Торайғыров көшесінде салынып жатқан көппәтерлі төрт қабатты үйдің құлауы туралы хабарлама түскен.
Төтенше жағдай орнына Павлодар облысы ТЖ департаментінен 12 қызметкер мен 3 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығынан 3 қызметкер және 1 бірлік техника жедел аттанған.
"Құтқарушылар зардап шеккен үш ер адамды тапты. 1987 жылы туған ер адам - диагнозы-жабық бассүйек ми жарақаты, бас миының шайқалуы, санның жыртылуы. 1996 жылы туған ер адам, диагноз-жабық бас сүйек жарақаты, бас миының шайқалуы, оң қолының жарақаттануы. 1993 жылы туған ер адам - диагноз анықталуда", - деп хабарлайды төтеншеліктер.
Сонымен бірге ведомство апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткенін хабарлады. Зардап шеккендер бірінші қалалық ауруханаға жатқызылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918246-pavlodarda-salynyp-zatqan-kopqabatty-gimarat-qulap-ketti-zardap-sekkender-bar-foto/