Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда субұрқақта екі қызы мен анасын электр тоғы соқты: Кінәлілер қандай жазаға тартылуы мүмкін

Опубликовано:

Цирк
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Демалыс күндері Алматыдағы субұрқақта екі қыз бен олардың анасы тоққа түсіп, ажал құша жаздады. Осы факті бойынша қалалық полиция департаменті тергеу бастады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының полиция департаменті аталған факті Бостандық ауданы полиция басқармасының бөлімінде Қылмыстық кодекстің 306-бабы, 2-бөлігімен тергеліп жатқанын хабарлайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 306-бабы, 2-бөлігінде (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 5 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске салайық, 19 маусымда қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыз бен бір ересек адам электр тоғынан зардап шеккен болатын.

Кейінірек, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің денсаулығына қатысты пікір білдіріп, қыздардың анасы ауыр жағдайда екенін хабарлады.

Оқиғаға қатысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевта пікір білдіріп, мұндай жағдай болмауы керек екенін айтты.

Одан бөлек, субұрқаққа жауапты Eco Almaty ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова пікір білдірді. Ол субұрқақ жанында "шомылуға болмайды" деп жазылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918673-almatyda-suburqaqta-eki-qyzy-men-anasyn-elektr-togy-soqty-kinaliler-qandai-zazaga-tartyluy-mumkin/

pixel