Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы субұрқақта тоқ соғу оқиғасы: Бір науқастың жағдайы ауыр

Опубликовано:

Субұрқақ
Фото: Facebook / Zhanna Assanova

Алматы циркінің жанындағы субұрқақта тоқ соққан үш адамның біреуінің жағдайы әлі де өте ауыр деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы науқастың жағдайы ауыр екенін растап отыр.

Ведомство мәліметінше, тоқ соққанның бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

"Жасанды тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өзі демалып жатыр. 8 және 10 жасар қыздар аурухананың бейінді бөлімінде жатыр. Екеуінің де жағдайы тұрақты, шағым жоқ, барлық медициналық көмекті алуда" - делінген хабарламада.

Еске салайық, 19 маусымда қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыз бен бір ересек адам электр тоғынан зардап шеккен болатын.

Кейінірек, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің денсаулығына қатысты пікір білдіріп, қыздардың анасы ауыр жағдайда екенін хабарлады.

Оқиғаға қатысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевта пікір білдіріп, мұндай жағдай болмауы керек екенін айтты.

Одан бөлек, субұрқаққа жауапты Eco Almaty ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова пікір білдірді. Ол субұрқақ жанында "шомылуға болмайды" деп жазылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919268-almatydagy-suburqaqta-toq-sogu-oqigasy-bir-nauqastyn-zagdaiy-auyr/

pixel