jitsu gif

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алды

Бойцы Шавкат Рахмонов, Мишел Празерес
Шавкат Рахмонов и Мишел Празерес. Фото: Photo by Chris Unger/Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC турнирінде өткізген екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бразилиялық Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Бұл - отандасымыздың ММА-дегі он төртінші, ал UFC-дегі екінші жеңісі.

Сонымен қатар, қазақстандық өзінің барлық кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал оның қарсыласы Мишель Празерес мансабында төрт рет қарсыласына есе жіберді.

Prosports.kz ұсынған ақпаратқа сәйкес, Шавкат Рахмонов жекпе-жек үшін 40 мың доллар сыйақы алған.

Оның ішінде, 18 мың доллар айқасқа шыққаны үшін, 18 мың доллар жеңіске жеткені үшін және 4 мың қосымша сыйақы.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 25 қазан күні Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген болатын.

Бұл турнирдің басты жекпе-жегі ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжи арасында болды.

Ресейлік қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, UFC-тегі 29-шы жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.