Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бас мүфтиі коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, қазақстандықтарды екпе алуға шақырды

Опубликовано:

Бас мүфти11
Кадр: "Хабар24"

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қазақстандық QazVac екпесінің бірінші компонентін алды.

Наурызбай қажы шариғатта вакцина салуға тыйым салынбағанын атап өтіп, бүкіл халықты иммундау кампаниясына қатысуға шақырды.

Оның айтуынша, коронавирусты тек екпе салғызу арқылы жеңіп, бұрынғы өмір сүру қалпына оралуға болады.

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" дейді. Жалпы ислам шариғатында зәру жағдайда екпе салдыруға рұқсат етеді. Алла Тағала Құранда айтады, "өз қолдарыңызбен өз денсаулықтарыңызға қиянат жасамаңыздар". Пайғамбарымыздың хадисі бар. "Әрбір дертті Алла тағала оның шипасымен қоса жаратқан", дейді. Індеттің алдын алу үшін денсаулық сақтау мамандары екпе жасату керек деп жатыр. Біз де өзіміздің амандығымыз үшін елдің амандығы үшін алланың қалауыме екпе қабылдадым", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, жақында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алған болатын.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

Одан бөлек, таяуда үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еді. Премьер-министр де Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасын салдыруды ұйғарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920304-elimizdin-bas-mufti-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyryp-qazaqstandyqtardy-ekpe-aluga-saqyrdy/

pixel