Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Міндетті вакцинация Қазақстан Конституциясына қайшы келе ме: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің Әділет министрлігі коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияның қаншалықты заңды екенін айтты. Мәлімдеме ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

Ведомствоның мәліметінше, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында денсаулық туралы кодексте көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі – профилактикалық екпелер.

Кодекстің 85-бабының 4 және 8-тармақтарына сәйкес медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті.

Оның қатарына коронавирусқа қарсы профилактикалық екпе де жатады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысында айтылған.

"Осылайша, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды КВИ-ге қарсы вакцинациялауды міндетті етуге заңды негіздер бар және бұл "мемлекет адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді" деген конституциялық нормаға (Конституцияның 31-бабы) сәйкес келеді.

ҚР Конституциясында адам құқығы мен бостандығына кепілдік беріледі. Алайда бұл оларға шектеу қойылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сонымен бірге, Ата заңда мұндай шектеулердің де шектері нақты белгіленген. Құқықтар мен бостандықтар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және халық денсаулығын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы)", - дейді министрліктегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921392-mindetti-vakcinalau-qazaqstan-konstituciyasyna-qaisy-kele-me-ministrlik-zauap-berdi/

pixel