Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суға түскен кезде коронавирус жұқтыру мүмкін бе

Опубликовано:

Демалушылар
Көрнекі фото: pexels.com

ОКҚ-дағы онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова шомылу кезінде коронавирус жұқтыру мүмкіндігі туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, су арқылы ауру жұқтырудың коронавирусқа еш қатысы жоқ.

"COVID-19 су арқылы жұқпайды, бірақ дәл сол су айдындарында, егер арақашықтық сақталмаса және адамдар көп болса, инфекция қаупі сақталады. Өйткені коронавирус ауа-шаң жолымен жұғады, ауру адам аэрозоль бөледі. Коронавирустық аэрозоль оның бөлшектерінің көлеміне байланысты ұзақ уақыт ауада тұра алады, бұл адамдар көп болған кезде берілу факторы", – деп түсіндірді ол.

Еске салса кетейік, Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің ересектерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша бас штаттан тыс маманы Андрей Тяжельниковтың айтуынша, ыстық ауа райында коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары. Сонымен қатар мұндай кезеңде вирус ауыр өтеді.

Ал, кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты Республикалық аллергологиялық орталығының басшысы Таир Нұрпейісов аллергиктер коронавирусқа жиі шалдығатынын жеткізген болатын.

Таир Нұрпейісов "дельта" штамының таралу қаупімен қатар, аллергиялық аурулардың ең көп таралуына себеп болатын арамшөптердің гүлдену кезеңі басталғанын сөз етіп, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды.

Оның сөзінше, аллергиктер аллергиясы жоқ адамдарға қарағанда COVID-19-бен жиі ауырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921500-suga-tusken-kezde-koronavirus-zuqtyru-mumkin-be/

pixel