Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте 2909 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2909 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 448 000-ға жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 796

Алматы қаласы - 420

Шымкент қаласы - 210

Ақмола облысы - 119

Ақтөбе облысы - 77

Алматы облысы - 89

Атырау облысы - 154

Шығыс Қазақстан облысы - 78

Жамбыл облысы - 38

Батыс Қазақстан облысы - 191

Қарағанды облысы - 321

Қостанай облысы - 54

Қызылорда облысы - 46

Маңғыстау облысы - 111

Павлодар облысы - 123

Солтүстік Қазақстан облысы - 38

Түркістан облысы - 44

Еске салайық, осыған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып жатқандардың көбеюіне байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана ретінде өзгертілгенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өскенін де хабарлағанбыз.

Дәлірек айтсақ, өткен аптада оңтүстік астанада коронавирус жұқтыру деңгейі 1,7 есеге өскен. Тәуліктік өсім 0,3 пайызды құрап отыр.

Бүгінде Алматыда инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-інің жағдайы өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-сі орташа ауыр деп бағалануда. Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 102 пациент жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратында - 19, инвазивті емес тыныс алу аппаратында - 34, High flow аппаратындағылар - 22.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921569-elimizde-otken-taulikte-2909-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel