Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Алматыда қылмыстық ортаның "беделдісін" ұстады

Опубликовано:

Ер адам
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында трансұлттық қылмыстық тобының көмекшісін ұстады. Одан жалған валюта тәркіленген деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық ортаның "беделдісінен" жалған 400 мың АҚШ доллары тәркіленген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 231-бабы 2-бөлігі (Жалған ақша және бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау, алып өту, сақтау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

ҰҚК
Фото: ҰҚК

Күдікті кінәсін мойындаған.

Сонымен қатар, ер адамға ақтөбелік кәсіпкерден автокөлік пен жер учаскесін заңсыз тартып алу фактісі бойынша айып тағылуда.

Ведомствоның хабарлауынша, ұсталған адам Қырғызстан мен Ресейдегі "қылмыс әлемінің серкелерімен" байланыста болған.

Сондай-ақ, күдіктінің "ұрылар қауымдастығын" қаржыландыруға және қылмыстық жолмен алынған кірістерді басқа қылмыстық схемаларды іске асыру үшін пайдалану ниеті туралы нұсқа тексерілуде.

ҰҚК
Фото: ҰҚК

Еске сала кетсек, бұған дейін ҰҚК Ауғанстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жолмен жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастырған трансұлттық есірткі құрылымының жолын кескенін жазған едік.

Операция Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура органдарының келісімі шеңберінде жүзеге асырылған.

Қазіргі уақытта іс материалдары Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921728-uqk-almatyda-qylmys-aleminin-serkesin-ustady/

pixel