Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі тұлғалардың аттастары: Елімізде қанша Нұрсұлтан Назарбаев, Мұхтар Әуезов пен Роза Рымбаева тұрады

Опубликовано:

Аттас
26 жастағы Абай Құнанбаев жары Айнұрмен. Фото: exk.kz

Ұлттық статистика бюросында 56 Нұрсұлтан Назарбаев, 28 Мұхтар Әуезов, төрт Дінмұхамед Қонаев, жеті Шоқан Уәлиханов пен 18 Роза Рымбаева есімді тұрғындар тіркелген, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, елімізде Абай Құнанбаевтың 38 аттасы бар.

Солардың бірі - 1995 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген Абай Құнанбаев.

"Есімімді Абай деп Ақнұр әжем қойған. Ол Абайдың өлеңдерін жақсы көретін. Мен Абай атамыздың 150 жылдық мерейтойы тойланып жатқан кезде дүниеге келіппін", - дейді ол.

Бір қызығы Абайдың арғы атасының есімі Құнанбай болған екен. Абайдың тегін алғаш рет естіген жандар қатты таңғалып жататын көрінеді.

Қазір 26 жастағы Абай Көкшетау қаласында тұрады. Айнұр есімді жұбайымен Әдия және Малика деген қыздарды тәрбиелеп отыр.

Өзі түсті металлургия өнімдерін бақылаушы болып жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін ел арасындағы ерекше есімдер жайлы жазған едік.

Мәселен елімізде өткен Қысқы Азия ойындары кезінде туған 40 нәрестеге Азияда есімі берілсе, Астана саммитің құрметіне 22 ер балаға Саммит және үш қыз балаға Саммита есімі берілген, одан бөлек 15 Саммитхан бар екен.

Мемлекеттік маңызы бар оқиғаларды қалт жібермейтін әулеттерде Астана, Нұрлыжол деген есімдер де кездесетін көрінеді.

Тағы бір бүлдіршіннің есімі – Бәйдібэкспо. Ырсымовтар әулетінде 2017 жылы дүниеге келген баланың есімі - "ЭКСПО-2017 " Халықаралық көрмесінің құрметіне қойылған. Ал экспоның алдындағы түбірін – бабамыз Бәйдібектей тұлға болсын деп қойдық дейді бүлдіршіннің әкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922227-aigili-tulgalardyn-attastary-elimizde-qansa-nursultan-nazarbaev-muxtar-auezov-pen-roza-rymbaeva-turady/

pixel