Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туыстары бір жылдан аса іздеген өзбекстандық әйел Алматыдан табылды

Опубликовано:

Өзбекстан азаматшасы
Өзбекстан азаматшасы. Фото: polisia.kz

Туыстары бір жылдан астам уақыт бойы іздеген Өзбекстан азаматшасы Алматыдан табылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, 39 жастағы өзбекстандық әйелдің жоғалып кеткені туралы ақпарат Қазақстанның БАҚ беттерінде пайда болған.

Журналистерге бір жылдан астам уақыт бойы әйелмен байланысқа шыға алмаған туыстары жүгінген.

Құқық қорғау органдары шетелдік азаматшаның жоғалып кетуі туралы Сыртқы істер министрлігі тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме болмағанын, соған қарамастан полиция әйелді тапқанын атап өтті.

"Оның Тастақ шағын ауданындағы кафелердің бірінде жұмыс істейтіні, сондай-ақ, қаланың Медеу ауданында тұратыны анықталды. Ол өзінің туыстарымен жеке мәселелер бойынша және тұрақты табыстың жоқтығына байланысты байланысқа шықпағанын айтты. Одан бөлек, келіншек әзірге отанына оралмайтынын хабарлады", - дейді полициядан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өскеменде жоғалып кеткен 14 жастағы қыз байланысқа шыққанын жазған едік.

Кристина Минеева 10 шілде күні Өскемен қаласы Михаэлис көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

"Қазіргі уақытта қыз байланысқа шықты. Ол достарымен бірге екенін, жақында үйге оралуы мүмкін екенін айтты", - дейді полиция департаменті әлеуметтік желіде.

Бірақ, Кристинаның туыстары мен еріктілер бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

"Бастапқы күндері қыз байланысқа шыққаны рас. Бірақ қазір қайтадан телефоны өшірулі тұр. Сондықтан да біз іздеу жұмыстарын тоқтатпаймыз", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922244-tuystary-bir-zyldan-asa-izdegen-ozbekstandyq-aiel-almatydan-tabyldy/

pixel