Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады
Жарияланған күні:
Қазақстанда 20-22 шілде аралығында Құрбан айт мейрамы өтеді. Осы күндердің бірінде қазақстандықтар демалады. Бұл туралы "Электрондық үкімет" порталында хабарланды.
Қазақстандықтар биыл Құрбан айттың бірінші күні, яғни 20 шілдед (сейсені) демалады. Ал 21-22 шілде күндері жұмыс күні болын саналады.
Сондай-ақ қазақстандықтар 17 және 18 шілде күндері (сенбі және жексенбі) демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін тек 18 шілде күні ғана демалады.
Айта кетейік, шілде айында екі мереке мен екі мерекелік демалыс бар екенін жазған едік. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар келесі айда 11 күн, ал алты күн еңбек ететіндер, сәйкесінше 6 күн демалады.
Еске сала кетсек, Құрбан айт мерекесі қарсаңында Алматы қаласына кіре берісте бекеттер қойылатын болғанын жазған едік.
"Құрбан айт" мерекесі кезінде, яғни 20 шілдеден 23 шілдеге дейін Алматыда коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй иеліктері мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге ( оның ішінде айт намазы) тыйым салынады.
Одан бөлек, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де құралдар арқылы онлайн режимде құрбандық шалуды (құрбан шалуды) ұйымдастыру туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылып отыр.
19-22 шілде аралығында Алматы қаласының аумағында мал сою цехтары мен базарлардың жұмысына ( соның ішінде тірі күйінде), сондай-ақ мал союды жүргізуге тыйым салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922758-qazaqstandyqtar-qurban-aitta-qansa-kun-demalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.