RU

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Жауын
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр жауып, найзағай, кей жерлерде бұршақ болады деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте тұман күтіледі.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ болады, тұман күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болды.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922916-bugin-elimizdin-basym-boliginde-naizagai-oinap-zanbyr-zauady/