Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда карантин күшейтіледі: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Опубликовано:

Қала көшесі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 2-16 тамыз аралығында карантин талаптарын күшейтуді көздейтін жаңа қаулыға қол қойды. Құжат санитарлық-эпидемиолоиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Қаулының толық мәтінімен осы сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін жандарбек Бекшин жаңа қаулы әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын.

Бекшиннің сөзінше, жаңа қаулы 2-16 тамыз аралығында күшінде болады. Осы кезеңде Ashyq жүйесіне кірмейтін нысандар жұмыс істемейді. Ал қалғандары 20:00-ге дейін, кейбір нысандар 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Одан бөлек, Алматының бас санитар дәрігері коронавирустың төртінші толқыны шарықтау шегіне жетіп, қалада ауру жұқтырғандар саны қашан азаюы мүмкін екенін айтқан болатын.

"Әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда да ауру жұқтырғандар саны артқанын көріп отырмыз. Барлық облыс "қызыл" аймақта, жағдай ушыға түсуде. Алматыда ауру жұқтыру көрсеткішінің өсуі байқалады. Бүгінде реалистік болжам бойынша, айына 25 мың адам коронавирус жұқтыруы ықтимал.

Кезекті толқынның шарықтау шегі 3-4 тамызда және ең жоғары деңгей 10-12 тамызда болуы мүмкін. Осыған байланысты біз профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз және ведомствоаралық комиссияның ұсынысы бойынша кеше режимді күшейту туралы бірқатар тапсырма алдық", - дейді Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924817-almatyda-karantin-kuseitiledi-beksin-zana-qaulyga-qol-qoidy/

pixel