Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйінен шығып, қайта оралмаған": Елордада жоғалып кеткен екі жеткіншек табылды

Опубликовано:

Жасөспірім
Көрнекі сурет: pixabay.com

Өткен түнде елордада жоғалып кеткен жасөспірім екі бала табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, полицияның 102 нөміріне қала тұрғынынан 9 және 11 жастағы балаларының жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Осыдан соң елорда Полиция департаментінің жеке құрамы түгел балаларды іздеуге жұмылдырып, олардың баруы мүмкін барлық жер тексерілді.

Елорда сақшылары қаланы жаяу шолып жүріп, балаларды 27 шілде күні тапты. Кеше түнгі сағат 02:00-дер шамасында Нұр-Сұлтандағы Тархан көшесінде полиция қызметкері Нұржанғани Бүркіт із-түзсіз жоғалды деп жарияланған екі баланы байқап қалған. Тәртіп сақшылары балаларды «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасына жеткізді.

Белгілі болғанындай, балалар күндіз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алдымен анасы балаларды өзі іздеп таппақ болады. Алайда өзінің әрекетінен нәтиже шықпаған соң ол келесі күні полицияға шағымданған.

Бұл әйел балаларының түнде үлкендердің қарауынсыз жібергені үшін осыған дейін де бірнеше мәрте әкімшілік жауапқа тартылған. Осыған қарай қазір бұл отбасы бақылауға алынды. Ал балалар аман-есен үйлеріне қайтты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, асырау және білім беру бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салады»,-делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924866-eordada-zogalyp-ketken-eki-zetkinsek-tabyldy/

pixel