RU

Маңғыстауда пойызға отырған әйел үш кішкентай баласымен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Жоғалған әйел
Фото: Lada.kz / Маңғыстау станциясындағы полицияның желілік бөлімі

Маңғыстау облысының тұрғыны Дилбара Тілеулесова кәмелетке толмаған үш баласымен Шымкентке баратын пойызға отырып, із -түссіз жоғалып кетті. Полиция қазақстандықтардан оларды іздеуге көмектесуді сұрайды.

Маңғыстау станциясындағы полицияның желілік бөлімінің хабарламасына сілтеме жасай отырып, Lada.kz жазғандай, Тілеулесова 30 шілдеде үш баласымен Шымкентке дейін баратын пойызға отырған, бірақ отбасы белгіленген станцияға сол беті жете алмаған.

Туыстары дабыл қағып, тәртіп сақшыларына жүгінді. 30 шілдеден бастап әйел мен балалары туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Ақпарат
Фото: Lada.kz / Маңғыстау станциясындағы полицияның желілік бөлімі

"Оның қасында кәмелетке толмаған үш баласы бар, олардың біріне небәрі 40 күн толған. Дилбара мен оның балаларының қай жерде болуы мүмкін екендігінен хабарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз: 8705 7700438, 87016606096 немесе 102", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін елордада жоғалып кеткен екі жеткіншек табылғаны туралы жазған едік.

Белгілі болғанындай, балалар күндіз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алдымен анасы балаларды өзі іздеп таппақ болады. Алайда өзінің әрекетінен нәтиже шықпаған соң ол келесі күні полицияға шағымданған. Елорданың сақшылары қаланы жаяу шолып жүріп, балаларды таба алды.

Одан бөлек, Өскемен қаласының тұрғыны полицияға бес жасар ұлының жоғалып кеткендігі жайлы жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925203-mangystauda-poiyzga-otyrgan-aiel-us-kiskentai-balasymen-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti-foto/