Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда полицияның көз алдында қашып кеткен тұтқынның видеосы желіде тарады

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/kris_p_kz

Таразда 1994 жылғы тұтқын полиция қызметкерлерінің көзінше қашып кеткені туралы әлеуметтік желілерде хабарланды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеоға Жамбыл облыстық полиция департаментінде түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Оқиға орнында түсірілген видеода жігіттің тәртіп сақшыларының көзінше мекеменің қоршауынан секіріп кеткенін анық байқауға болады", – делінген Instagram парақшасында.

Қашу сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тұтқын ішінде тәртіп сақшылары күтіп отырған полиция көлігінің жанында қызды құшақтап тұрғанын көруге болады.

Содан оңтайлы сәтті пайдаланған жас жігіт қабырғадағы құбыр арқылы төбеге шығып, қашып кетеді. Тәртіп сақшылары оның артынан қуа жөнеледі.

Кейін әлеуметтік желілерде тағы бір видео пайда болды. Ол видеода куәгерлер қашқынның ұсталғанын атап өтті.

NUR.KZ тілшісіне Жамбыл облысының полиция департаменті Таразда болған оқиға туралы ақпаратты растады. Тұтқынның қазірдің өзінде ұсталғаны хабарланды. Департамент қазір бұл факті бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме дайындап жатқанын қоса кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926217-tarazda-policeilerdin-koz-aldynda-qasyp-ketken-tutqynnyn-videosy-zelide-tarady/

pixel