RU

Коронавирус: Еліміздің қанша өңірі "қызыл" аймақта

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

17 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Ал Түркістан облысы "жасыл" аймақта орналасқан.

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты деректерді жаңартты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 6 869 адамнан коронавирус анықталған.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 701 345-ке жетті.

Еске сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі елімізде вакцина салдырғандар арасында қайтыс болғандар бар екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927491-koronavirus-elimizdin-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta/