Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде айлық табысы ең жоғары 10 мамандық қандай

Опубликовано:

Құрылысшы
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда айлық табысы ең жоғары 10 мамандық белгілі болды. Көш басында жоғары менеджмент, ал соңында мемлекеттік қызметкерлер тұр деп хабарлайды KTK арнасы.

Жоғары мененджмент саласында жұмыс істейтіндерге орташа есеппен алғанда 410 мың теңге жалақы төленеді екен.

Ал құрылысшы, жылжымайтын мүлік, ақпараттық технологиялар сынды салаларда қызмет ететіндер шамамен 290 мың теңге көлемінде айлық алатын болып шықты.

Ал кеңесші және шикізат өндірушілердің еңбекақысы одан сәл төменірек болса, заңгерлер мен мемлекеттік қызметкерлер және коммерциялық ұйым жұмысшыларының одан да аз алатыны белгілі болып отыр. Оларға айына 216 мың теңге шамасында жалақы төленеді.

Бұл рейтинг вакансия ұсынатын сайт мәліметі бойынша жасалғандықтан, тізімге дәрігерлер мен мұғалімдер кірмеген.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске сала кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап артатынын жазған едік. Енді олар ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады.

Бұл шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында қабылданды.

Сонымен қатар, Қазақстандағы орташа айлық жалақы 250 мың теңгеден асты.

Орташа жалақыны есептеу кезінде аз жалақы төленетін аймақтарда жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі жоқ жұмысшылардың табысы да, жоғары лауазым иелерінің жалақысы да ескеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927675-qazaqstanda-ailyq-tabysy-en-zogary-10-mamandyq-belgili-boldy/

pixel