Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауғанстан әлі жеңілген жоқ": Дала командирінің ұлы тәліптерге қарсы соғыс ашты

Опубликовано:

"Панджшер Арыстанының" ұлы. Ахмед Масуд
"Панджшер Арыстанының" ұлы. Ахмед Масуд. Фото: Reza/Getty Images

2001 жылы қайтыс болған ауғандық дала командирі Ахмад Шаха Масудтың ұлы тәліптерге қарсы күрес бастап, оған өзі басшылық ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды La Regle du jeu басылымы.

"Панджшер арыстаны" атанып кеткен Ауғанстанның бұрынғы қорғаныс министрі әрі дала командирінің ұлы Ахмад Масуд "Талибанға" (Қазақстан мен бірқатар мемлекеттерде тыйым салынған ұйым) қарсы күресті қолына алды.

Бұл туралы ол La Regle du jeu басылымында жариялаған үндеуінде айтты. Сонымен бірге, Ахмад ерікті азаматтарды өзінің Панджшердегі әскеріне қосылуға шақырып отыр. Айта кету керек, Панджшер тәліптердің қоластына өтпеген жалғыз провинция болып отыр.

"Ауған халқының еркіндігі үшін күресу маған ұлт батыры және қолбасшы болған әкем Масудтан дарыған. Енді бұл күрес - менің күресім, шегінерге жол жоқ. Мен және қаруластарым, құлдықтан ада болғысы келетін барлық еркін ауған азаматтарымен біріге отырып, қан төксек те, күресеміз. Мен олардың барлығын біздің құрдымға кеткелі отырған еліміздегі жалғыз еркін провинция Панджшердегі бізге қосылуға шақырамыз", - дейді Ахмад Масуд өз үндеуінде.

Сонымен бірге, Ахмад бірқатар Еуропа елдерінен көмек күтетінін жеткізді.

"Бүгінгі таңда әскері ойсыра жеңілген генерал Голльдің тағдыры туралы көп ойланамын. Ол кезде Франция соғыста емес, бір күресте ғана жеңілген еді. Біз, ауған халқы күресте жеңілдік, себебі Кабул оларға қарсы шықпады. Ал мында біздің жауынгерлер қайта қаруланып, кәрі және жас моджахедтер күш біріктірді. Бізге қосылып, қолдау көрсетіңіздер. Еркін болып, біздің жаққа шығыңыздар. Біз соғыстан әбден шаршаған халықтың жаңа парағын бастаймыз. Жаратқанның көмегімен біз жеңіске жетеміз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда тәліптер Кабулға кіргеннен кейін ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды.

Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған. Сондай-ақ, Гани енді ауған халқының "өмірі мен мүлкі" үшін тәліптер жауап беретінін атап өтті.

Ал елдің вице-президенті Амрулла Салех елде қалғанын мәлімдеді. Twitter-дегі парақшасында ол ешқашан "Талибан" содырларының алдында бас имейтінін жазды.

Сонымен бірге, Амрулла Салех өзін елдің уақытша басшысы деп жариялап, тәліптерге қарсы тұруға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927704-auganstan-ali-zenilgen-zoq-dala-komandirinin-uly-talibterge-qarsy-sogys-asty/

pixel