RU

Дипломат қазақстандықтарды Кабулден эвакуациялау қалай өткенін айтты

Ауғанстан
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ауғанстандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының өкілдері Кабулдегі отандастарымызды Алматыға эвакуациялау қалай өткенін айтты.

Бұл туралы Instagram желісіндегі Aibat ақпараттық қызметінің парақшасында хабарланды.

Қазақстандық дипломаттардың сөзінше, ауған астанасының әуежайында өте қиын жағдай орын алған.

Айтуларынаша, әуе айлағындағы инфрақұрылым жұмыс істемейді, ұшу -қону жолағы тек АҚШ пен НАТО ұшақтарын қабылдайды.

"Осыған қарамастан қазақстандық әкери ұшқыштар ұшақты сәтті қондырып, азаматтарды алып, елден кетті", - дейді Ауғанстандағы Қазақстанның әскери атташесінің көмекшісі Ербол Шәкіров.

Еске сала кетсек, 18 тамызда Ауғанстаннан эвакуацияланған азаматтар мінген ұшақ Алматыға қонған еді.

Елімізге 42 жолаушы келген, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің қызметкерлері бар.

Одан басқа, осы бортпен Қырғызстан өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды.

Одан бөлек, Сыртқы істер министрлігі брифингте Ауғанстанда қалып қойып, үйіне қайта алмай жатқан Қазақстан азаматтары Кабулдегі елшілікке жүгінуі керек екенін айтты.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы этникалық қазақтарға қатысты маңызды тапсырма берді.

"Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өтінішіне байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және қажет болған жағдайда тарихи Отанына қайтару мәселесі бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырды", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927872-diplomat-qazaqstandyqtardy-kabulden-evakuaciyalau-qalai-otkenin/