Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Ауғанстанда қалып қойған қазақстандықтарға не істеу керек екенін айтты

Опубликовано:

Ауғанстан
Көрнекі фото: NOORULLAH SHIRZADA/AFP via Getty Images

Сыртқы істер министрлігі брифингте Ауғанстанда қалып қойып, үйіне қайта алмай жатқан Қазақстан азаматтары не істеу керек екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Егер Ауғанстан аумағында үйіне қайтқысы келетін Қазақстан азаматтары болса, олардың ең алдымен Кабулдағы біздің елшілікке жүгінуі керек. Сол кезде біз тиісті шараны қабылдаймыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның хабарлауынша, Ауғанстандағы Қазақстан елшілігі жұмыс істеп тұр. Онда 10 дипломат бар.

Ал Қазақстанда оқып жүрен және тіркеу мерзімі аяқталған Ауғанстан азаматтары мәселені шешу үшін жергілікті Ауғанстан елшілігіне бара алады.

Еске сала кетсек, Ауғанстаннан эвакуацияланған азаматтар мінген ұшақ Алматыға қонғанын жазған едік.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, елімізге 42 жолаушы келген, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің қызметкерлері бар.

Одан басқа, осы бортпен Қырғызстан өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды.

"Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927818-sim-auganstanda-qalyp-qoigan-qazaqstandyqtarga-ne-isteu-kerek-ekenin-aitty/

pixel