RU

Павлодар облысында іссапарға атпен барған тұрғын қайтарда жылқысын таба алмай дал болды

Нұр-Сұлтанда өткен республикалық турнирде асыл тұқымды ат өлді (видео)
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысында іссапарға атпен барған тұрғын жылқысын таппай қалған. Келеңсіз оқиға Аққулы ауданында болған деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Тұрғынның сөзінше, ол 21 тамызында көрші ауылға іссапармен барған.

"Жылқы үйдің жанында байланған еді. Бір сағаттан кейін оралған кезде жылқы байланған жерде болмады. Ол жоғалып кеткен. Өз бетімен іздегенім нәтиже бермеді және 22 тамызда мен полицияға жылқымды табу туралы өтініш білдірдім", - дейді Аққулы ауылының тұрғыны Дәулет Оразаұлы.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аққулы ауданының полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде жылқының тұрған жерін анықтап, оны заңды иесіне қайтарып берген.

Жылқы жоғалған үйден 4 шақырым жерде, Широкий ауылының Ертіс өзені жайылмасының жанынан табылған.

Жылқы иесі полиция қызметкерлеріне табылған жылқы үшін үлкен алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Айта кетейік, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мортық ауылында тұрғындардың он шақты бұзауы белгісіз аурудан қырылғанын жазған едік.

Жалпы Мортық ауылында барлығы 600 бас қара мал, 2 мыңға жуық қой-ешкі және 800-ге жуық жылқы бар. Тұрғындар малдарын ауылдан жеті шақырым жердегі жайылымында бағады екен. Мамандар қырылған малдардың өлексесін өртеп, орнын Дизолдың 1,5 %-дық ерітіндісімен залалсыздандырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928621-pavlodar-oblysynda-issaparga-atpen-bargan-turgyn-qaitarda-zylqysyn-taba-almai-dal-boldy/